ГлавноеГосорганы

2025 жылы қазақстандықтардың жалақысы өсе ме?

Қазіргі күні еліміздегі ең төменгі еңбек ақысы — 85 мың теңге. Алдағы жылы да осы мөлшерде қалады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, қазір ведомство ең төменгі жалақыны тағайындаудың жаңа әдісін іске асырып отыр.

«Ең төменгі жалақыны есептеудің жаңа методологиясын әзірледік. Медиандық еңбекақы мен ең төменгі еңбекақы көрсеткіштерін салыстырғанда 34 пайызды құрайды. Бірақ кейбір жұмыс берушілерде ол 9 пайыздан аспайды. Ұжымдық келісімшарттардың ішінде ең төменгі жалақы мен медиандық жалақыны салыстырып, 9 пайыздан 34 пайызға дейін арттыру туралы болжам жасап отырмыз. Осылайша қазақстандықтардың жалақысын көтереміз», — деді ол.

Другие новости

Back to top button