ГлавноеГосорганы

2025 жылы өңірлердің кірісі 6,1 трлн теңгеге дейін артады — министр Қуантыров

2025 жылы өңірлердің кірісі 6,1 трлн теңгеге дейін артады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қарау үшін ұсынылған «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасы әкімшілік-аумақтық құрылымды және үш жаңа облысты қайта құру жағдайында әзірленді. Орта мерзімді кезеңде өңірлік саясаттың жалпыұлттық басымдығы әрбір азамат үшін кепілдендірілген базалық қызметтер деңгейінде «теңгерімді аумақтық дамуды» қамтамасыз ету болып табылады. Жаңа үш жылдық жалпы сипаттағы трансферттер осы міндетті өз тарапынан бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бойынша жекелеген тәсілдерді қолдану жолымен шешуді қарастырады», — деді ол.

Оның атап өтуінше, өткен жылы Үкімет жергілікті бюджеттердің кірісін болжау әдіснамасын жетілдіру бойынша бірқатар жұмыс атқарды. Парламент депутаттары мен Есеп комитетінің ұсынымдары бойынша өңірлердің салық әлеуеті есепке алынды. Сонымен қатар, Үкімет шағын және орта бизнестен корпоративтік табыс салығын берудің оң тәжірибесін ескере отырып, осы үш жылдық кезеңде де жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайту бойынша тәжірибені жалғастырды.

«Бұл ретте, заң жобасында бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысының орта есеппен 25 пайызға өсуімен, сондай-ақ жекелеген түсімдерді жергілікті деңгейге 300 млрд теңге көлемінде беруге байланысты қосымша түсімдер ескерілді. Біздің бағалауымыз бойынша аталған іс-шараларға осы жылы 2020-2022 жылдарға белгіленген салық демалысының аяқталуы қосымша серпін береді. Болжам бойынша өңірлердің кірістері 2022 жылы 4,7 трлн теңгеден 2025 жылы 6,1 трлн теңгеге дейін, немесе 30 пайызға артып, 2025 жылға өзіндік кірістер үлесінің 47 пайызға дейін өсуін қамтамасыз етеді», — деді Әлібек Қуантыров.

 

Другие новости

Back to top button