ГлавноеГосорганы

2024 жылы он сегізге толмаған барлық баланың атына арнайы шот ашылады

Президенттің баспасөз хатшысы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына түсінік берді

2024 жылы он сегізге толмаған барлық баланың атына арнайы шот ашылады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды  Azattyq Ruhy.  

«Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады», — делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады.

 

Другие новости

Back to top button