Госорганы

2021 жылы еліміздегі ана өлімі 22%-ға өсті – министрлік

2020 жылдан бастап ана өлімі көрсеткішінің өсуі байқалды. Мұндай деректер «Ашық» НҚА порталында жариялаған 2030 жылға дейін ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасында келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Соңғы 5 жылда Қазақстан халқының саны 8,8%-ға ұлғайды және былтыр 1 қаңтардағы жағдай бойынша 19 122 423 адамды құрады. Оның 9 835 645-і (51,4%) әйелдер. Бала туа алатын жастағы әйелдер саны – 4 417 460, оның ішінде жасөспірімдер (15-17 жас) – 814 523 құрады.

2000 жылдан бастап әлемде ана өлімі көрсеткішінің жылдам төмендеу қарқыны байқалды, жылына 5,5 %-ға, Қазақстанда 6,2 %-ға. Елімізде соңғы 10 жылда ана өлімі серпінді түрде 2,4 есеге төмендеді (2009 жылғы тірі туған 100 мыңға шаққанда 36,8-ден 2019 жылы 13,7-ге дейін)», — деп аталған салаға талдау жасалған құжатта.

Денсаулық сақтау миистрлігінің мәліметінше, кейінгі 10 жыл ішінде ана өлімінің төмендеуіне озық технологиялар, жаңа клиникалық хаттамаларды енгізу және шұғыл медициналық көмек көрсету сапасының жақсаруы оң ықпал етті.

«Алайда, 2020 жылдан бастап ана өлімі көрсеткішінің өсуі байқалды. Бұл COVID-19 пандемиясымен байланысты. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ана өлімі көрсеткіші 22%-ға ұлғайды. Оның 70%-на пневмония мен коронавирус инфекциясы себеп болды», — делінген тұжырымдама.

Енді осы 7 жылдық жоспарды орындау аясында 2030 жылға қарай ана өлімін 100 000 тірі туғандарға шаққанда 13,0-ге дейін және нәресте өлімін 1 000 тірі туғандарға шаққанда 7,1-ге дейін төмендету көзделген.

Тұжырымдама 24 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

 

Другие новости

Back to top button