Госорганы
«20 мың доллар пара алған»: Қорғаныс министрлігінің қызметкері ұсталды
Күдікті Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды

Қорғаныс министрлігінің департамент басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Антикор Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұзып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілініп отыр», — делінген хабарламада.