Ақтөбе облысында қоқыстың арасынан нәрестенің денесі табылды

Ақтөбе облысындағы қоқыс алаңдарының бірінен сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оралда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды: Анасы дәретханада босанып қалғанын айтты
“23 қазан күні Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Бадамша ауылы маңы «Рождество — Дөң» тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонында қара полиэтилен пакетте шақалақтың денесі табылғаны анықталды”, — делінген ақпаратта.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
“Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабымен «Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі» сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр”, — деп қосты полиция.