ГлавноеГосорганы

1,5 триллион зейнетақы қаржысын жұмсауға қатысты жаңа деректер пайда болды

Ұлттық банк 1,5 триллион зейнетақы қаржысының қалай пайдаланылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі LSбасылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Бұл қаражат нарықтық жағдайда және қайтарымды негізде ұзақ мерзімді ірі жобаларға инвестицияланады.

«Бәйтерек» Ұлттық холдингі мен «Самұрық-Қазына» Мемлекеттік қоры обигациялары шығарылып, оны БЖЗҚ сатып алады.

Ұлттық банк қазіргі уақытта диверсификация және экономика өсіміне байланысты және импортқа тәуелділікті азайтатын жобаларды таңдау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

“Қаржыландыру 2024-2025 жылдары кезең-кезеңімен, жобаларды іріктей отырып жүзеге асады, — деп атап өтті бас банк.

Сонымен қатар «Бәйтерек» пен «Самұрық-Қазына» жобаларының жүзеге асырылу мерзімі әртүрлі болғандықтан облигациялары түрлі кезеңде, бірақ 15 жылдан аспайтын мерзімде шығарылады.

«Мұндай құралдар KASE-ке салынады. Оларды қызығушылық танытқан кез келген инвестордың сатып алу мүмкіндігі бар. Облигацияларды өтеу мерзімі бекітілген және жылына бір рет сыйақы купонымен төлем жасауға болады», — деп атап өтті Ұлттық банк.

Бұған дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қор болашақ зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралы – жеке зейнетақы жинақ жоспарын іске қосатынын мәлімдеді. Осылайша қазақстандықтар қалаған зейнетақысын алу үшін БЖЗҚ-ға қанша жарна салу керек екенін есептей алады.

Сондай-ақ Қазақстандықтардың зейнетақы жинағындағы 1,5 триллион теңге инфрақұрылымдық жобаларғажұмсалатыны айтылды.

2023 жылы БЖЗҚ-дан 500 млрд теңгеге дейін, ал 2024 жылы 1 триллион теңгеге дейін, оның ішінде «Қазақстан Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) және Индустриялық даму қоры АҚ арқылы бөлуді көздеп отыр.

Другие новости

Back to top button