Выбор редакции

15 мың долларға дейін кепілдік сұрайды: АҚШ визасын алу қиындап жатыр

АҚШ билігі туристік және іскерлік визалар үшін 15 мың долларға дейін кепіл алатын пилоттық бағдарламаны іске қоспақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Федералды реестрде жарияланған құжатқа сәйкес, бағдарлама 20 тамызда басталып, бір жылға дейін созылады. Консулдық қызметкерлері виза мерзімін өткізіп, елде жүре беретін шетелдіктер мен қауіпсіздікті тексеру жүйесі әлсіз елдердің азаматтарынан 5 000, 10 000 немесе 15 000 доллар көлемінде кепіл алуды өз қалаулары бойынша шешеді.

Бағдарлама ережесіне сәйкес, визаның талаптарын сақтап елден шыққан азаматтарға кепіл сомасы қайтарылады.

Айта кетсек, осыған ұқсас бастама 2020 жылы қолға алынған болатын. Алайда пандемия кезінде халықаралық сапарлардың күрт қысқаруына байланысты ол жүзеге аспай қалды.

АҚШ президенті Дональд Трамп заңсыз иммиграциямен күресті өз қызметінің негізгі бағыттарының біріне айналдырды. Ол шекарадағы қауіпсіздікті күшейтуге және елде заңсыз жүрген адамдарды ұстауға қосымша қаражат бөлді.

2024 жылдың маусымында Трамп ұлттық қауіпсіздік мүддесін алға тартып, 19 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық немесе жартылай тыйым салды.

Трамптың көші-қон саясатының салдарынан кейбір туристер АҚШ-қа барудан бас тартты. Салдарынан Атлант мұхиты арқылы ұшатын авиабилеттердің бағасы пандемияға дейінгі деңгейге дейін төмендеді. Сонымен қатар, Канада мен Мексикадан АҚШ-қа жасалған сапарлар саны өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайған.

Другие новости

Back to top button