Нур-Султан

100 млн теңге берсеңдер Бишімбаевтың үкімі жеңілдейді”: Антикор астаналық әйелді тергеп жатыр

Астана тұрғыны бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа шыққан үкімді жеңілдету сылтауымен ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша Астана тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Әйел аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа оқталып, экс-министрге шыққан үкімді жеңілдету сылтауымен 100 млн теңгені иемденбек болған.

Күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу ретінде де сараланады.

«Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексеріліп жатыр. Күдікті сот санкциясынан қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың туысқан інісі Бақытжан Байжановқа үкім шыққан болатын.

Соттағы соңғы сөз

6 мамырда сотталушылар соттағы соңғы сөзін айтты. Қуандық Бишімбаев алқа билерге жүгініп, олардың сотқа қатысуын өзі сұрағанын, Құдайға сенетінін, Салтанаттың өлім аузында жатқанын білмегенін мәлім етті. Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрады. Өз туыстарының еш кінәсі жоқтығын айтып, оларды кінәламауды өтінді.

Бақытжан Байжанов та бұрынғы сөздерін қайталады. Салтанаттың отбасына, жақындарына көңіл айтып, олардан кешірім сұрады. “Мен ант етемін – сол кезде Салтанат өлім аузында жатқанын білмедім” дейді ол.

Другие новости

Back to top button