ГлавноеГосорганы

«10 қарапайым ереже»: жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым ережені сақтауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқарушылар мынадай сақтық ережелерін жариялады:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкіну кезінде лифтпен және баспалдақпен түспеңіз;
  3. Жиhаздан, терезеден алшақ тұрыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабат); ал көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  6. Шығар алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  7. Дабыл жол сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  8. Электр желілерінің, ғимараттың, ағаштардың жанына жоламаңыз;
  9. Жер сілкінісіне дайын болыңыз;
  10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Айта кетейік, бүгін сейсмикалық станциялар желісі 10 сағат 00 минут 30 секундта Алматы аумағында жер сілкінісін тіркеді.

Другие новости

Back to top button