Культура

«10-20 мың доллар төленеді»: Қамаладин діни өмірін көрсеткен блогерлерге ақша ұсынылғанын айтты

Қомақты ақша ай сайын төленіп тұрған

Исламды насихаттап, діни ағымдарды жариялаған блогерлерге ақша ұсынылады. Qamaladin Media агенттігінің негізін қалаушы Абылайхан Қамаладин Арман Абдоллаға берген сұхбатында мәлімдеді,  деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Блогерлер келіп ай сайын діни өмірін көрсеткені үшін, шынайы Исламды қабылдағанын көрсеткені үшін ақша ұсынылғанын айтады. Одан «өзің осыны қабылдағың келе ме?» десем «жоқ» дейді. Бірақ ақшасы жақсы, неге алмасқа деп отыр. Ай сайын 10-20 мың доллар төленеді екен. Мен оған «өзің бұдан ләззат алмайсың» дедім. Егер «жан қалауың сол болса, ана жақта оған да жауып бересің» дедім. Оны ақшаға не үшін жасайсың дедім. Ол бұл ұсыныстан бас тартқан», — деді Қамаладин.

Еске салсақ, осыған дейін бірқатар «инстадива» хиджаб тағып, кейіннен шешіп тастаған еді

Другие новости

Back to top button