Главное

1 қыркүйектен бастап мектептерде қандай жаңашылдық енгізіледі

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты күшіне енеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, министрлік ғылыми тәсілдер мен халықаралық ұсынымдардың негізінде Мектепте тамақтанудың жаңа стандартын әзірлеген.

«Ол 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап елдің барлық білім беру ұйымдарында күшіне енеді», — дейді министр.

Мектептегі тамақтану реформасы балалардың физикалық жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық тиімділікке де әсер етеді:

  • оқу үлгерімін арттырады,
  • концентрацияны жақсартады,
  • болашақта созылмалы аурулардың қаупін азайтады,
  • ерте жастан бастап дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырады.

Мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты диетаны жақсартуға бағытталған, атап айтқанда бұл қантты, тұзды және өңделген тағамдарды азайтуды, көкөністердің, жемістердің, дәнді дақылдардың, ақуыздардың және сүт өнімдерінің үлесін арттыруды қамтиды.

Другие новости

Back to top button