Госорганы

1 маусымнан бастап Алматы-Нөкіс бағыты бойынша тұрақты рейс ашылады

2024 жылдың 1 маусымынан бастап «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейс бастайды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы жаңа бағыт ашылған соң Қазақстаннан ұшатын халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567 рейске жетеді.

«Uzbekistan Airways» әуе компаниясы биыл 1 маусымнан бастап Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейс орындай бастайды. 174 орындық «Эйрбас-А320» ұшағы аптасына екі рет, яғни, сәрсенбі және сенбі күндері ұшады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Осы рейсті қосқанда, Қазақстан Республикасынан 28 елге 121 бағыт бойынша халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567 рейске жеткен.

Другие новости

Back to top button