Госорганы

Қазақстан ІІМ БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы өңірлік орталығын Астанада құруды ұсынды

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов Астанада БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өңірлік орталығын құру бастамасын көтерді. Құрылымы жоспарланып отырған орталық Қазақстанды ғана емес, бүкіл Еуразия өңірін қамтымақ.

Министр бастаманың маңызын қылмыстың трансұлттық сипатын кешенді зерттеу қажеттігімен байланыстырып түсіндірді. Ол қылмыстық топтардың байланысын, ұрланған қаражаттың қозғалысын және пайда болуы мүмкін жаңа қауіптерді бірге талдаудың әрі қарайғы шешімдерді қалыптастыруға сеп болатынын айтты.

БҰҰ басшылығы ұсынысты қолдап, орталықтың негізгі бағыттары ретінде киберқауіптерге терең талдау жасау, тәжірибе алмасу, қылмыстық істерді тергеуді жетілдіру және мамандар даярлау ұсынылғанын атап өтті.

gov.kz

Другие новости

Back to top button