Госорганы
Қарағандыда бейнекамера көліктен құрал-саймандар ұрлығын ашуға көмектесті
Қарағандыда автокөліктен құрал-саймандар ұрланғаны тіркелді. 36 жастағы қала тұрғыны таңертең аулада тұрған көлігінен дәнекерлеу аппараты мен кәсіби құрал-жабдықтарының жоғалғанын байқап, шығын көлемі 180 мың теңгені құрағанын хабарлады. Жақын маңдағы бейнекамера ұрлық сәтін жазып алған.
Жазбаларды зерделеген Қарағанды қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтап, ұстады. Тексеру барысында оның жәбірленушінің 35 жастағы көршісі екені белгілі болды.
Ұрланған заттар тәркіленіп, аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.



